«ТІЛ МЕРЕЙІ-2015» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының мемлекеттік тілді дамытудың бір бағыты түрлі байқауларға қатысу болып табылады.
Осыған байланысты жуырда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл мерейі-2015» облыстық байқауында мемлекеттік тілді дамыту маманы Бибігүл Бәйтерекова қатысып, бақ сынады, деп хабарлады қоғаммен байланыс менеджері Г.Бадырақова.
Байқау мақсаты – ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты ұстаздарды анықтау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту және озық тәжірибелерді тарату. Байқау үш кезеңді құрады: таныстыру, электронды портфолиомен таныстыру, белгілі бір тақырыпқа сабақ үлгісін көрсету.
Өз шеберлігін көрсете білген біздің әріптесіміз облыстық байқау қорытындысымен жүлделі ІІ орынды иеленді.