ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫСЫН АЙЛАП БЕРМЕЙ ЖҮРГЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ДЕНІ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫ
Қызылордада маңдай тер, табан ақыларын ала алмай жүргендердің дені құрылыс компанияларының жұмысшылары.
Облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаевтың айтуынша, әдетте құрылыс саласындағы берешекті қайтару ұзаққа созылады. Жұмысшыларына миллиондаған қарызын қайтара алмай абыройсыздыққа ұшырап, құны бір жарым миллиардтан асатын қала шетінде үлкендерге арналған психоневрологиялық интернат құрылысын аяқсыз қалдырған мекеменің бірі «Миг-21» ЖШС.
«Қазір аталмыш мекеме өзін банкроттық жағдайда деп тану үдерісінен өтіп жатыр. Соның қорытындысы шыққан соң азаматтарға маңдай терімен тапқан еңбекақыларын қайтарып беруге тырысамыз», - дейді Н.Жолдасбаев.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы 580 миллион көлемінде еңбекақы қарыздары қайтарылған. Жақын арада тағы бірнеше құрылыс мекемелерінің жұмысшылары алдындағы берешегін өтеуіне қатысты мәселелері оң шешімін таппақ.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА