ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНЕДІ
Елімізде жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдер тағайындау оңтайландырылды. Енді бар болғаны жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу жеткілікті. Зейнетақы төлеу немесе халыққа қызмет көрсету мекемесінде табан тоздырып, қыруар құжат жинау қажет емес. Дегенмен мұндай әлеуметтік төлемдер барлық азаматтарға бірдей төленбейді.
Кезінде еңбек еткен мекемесі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қаржы бөліп тұрса ғана көмек беріледі. Енді еліміздің тұрғындары мазалаған сұрақтарының жауабын арнайы орталықтардан алса, шалғайдағы жерлестеріміз мобильді топтардың көмегіне жүгіне алады. Наурыз айында бастау алған пилоттық жоба бүгінге дейін 1 мыңдай елді мекенде болып, 7 мың азаматқа көмек көрсетті.
- Біздің азаматтарымыз өздеріне зейнетақы мен жәрдемақы алу барысындағы құжаттарын өткізді, 1549 азаматымыз өздерінің төлем алудағы реквизиттерін өзгерту мақсатындағы құжаттарын өткізіп отыр, 4164 адамға ақпараттық кеңестер берілді, - дейді «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бас директоры Біржан Жүнісов.