ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛМАҚ
Облыстық перинаталды орталық жанынан жасанды ұрықтандыру орталығы ашылу жоспарланып, қазіргі таңда мамандар дайындалуда. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлады.
Қызылорда облысында кардиохирургиялық ота жасаудан алдыңғы орындарға шықты деп атап көрсетті. Осыған байланысты, салада жаңаша ота түрлері енгізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің жаңаша түрлері, бүйрек тамырларына ота жасау, буын аралық біріктірулердің отасыз түрлері, омыртқа жотасының оталарын жасау енгізілуде.
Облыстық перинаталды орталықта генетикалық орталық ашылып, туа бітті ақауларды анықтау мақсатында скринингтер жүргізілуде. Бұл балалар арасында болатын мүгедектің алдын алу және туа бітті ақауы бар сәбилерді ерте анықтау болып табылады.
Облысымызда С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филиалы ашылады. Ондағы мақсат; бірінші дәрігерлеріміз ғылыммен айналысуға қол жеткізеді, екінші еліміздегі медицина университетініде оқып жатқан интерн- дәрігерлерді облысқа тартып, мамандармен толықтыру жүзеге асырылады, үшінші, жергілікті дәрігерлер білікті маман профессорлармен бірге жұмыс жасап, тәжрибелік-ғылыми ізденістерін артырады.