ТАҒЫ 5 ЖОБА СУБСИДИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ
Қызылорда облысында Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысында жалпы құны 215 млн.теңгеге жуық 5 жаңа жобаның жүзеге асуына бөлінген несие пайызын «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарлама аясында субсидиялауға оң шешім шығарылды.
АҮК мақұлдаған 5 кәсіпкер жобаларын жүзеге асыруға екінші деңгейлі банктен алған несиелерін тек 7%-бен қайтаратын болды, мұның себебі аталған бағдарлама аясында 7% субсидияланатын болады.
Қолдауға ие болған жобалардың қатарында «Асар» ЖШС-нің «Логистика Орталығын» салуға 122000000 теңге, автопаркті кеңейту мен дамытуға «Абзал» ЖШС-не 42850000 теңге және ЖК «Еділбаев» жүк тасымалымен айналысуға қажетті автокөліктер сатып алуға 7500000 теңге, сондай-ақ ЖК «Алдабергенов» қонақ үй кешенін салуға 15000000 теңге, жеке кәсіпкер «Ұзақов» күйдірілген кірпіш шығару цехына 27 млн.теңгені «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «Банк Центр Кредит» АҚ тиісті сомалар бөлінетін және пайыздары төмендетілетін болды.
Қолдауға ие болған жеке кәсіпкердің бірі Ұзақов Болат «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бизнеске кәсіпкер 1996 жылдан бері араласып, қара және түсті металл қабылдаумен айналыса бастады. Бір жыл өткен соң жиналған қаражатқа 4 автокөлік сатып алып, транспорттық көмек көрсете бастады, сонымен қатар, бизнесін әртараптарндыру үшін асыл тұқымды ірі қара мал да ұстады.
Жергілікті нарықта тұрақтаған соң Болат Ұзақов құрылыс саласын қолға алуға бекінді. Кәсіпкер өз сөзінде: «2013 жылы «Даму» Қорының жобаларды кепілдендіруі бағдарламасы туралы естідім де бірден іске кірістім. Соның арқасында төмен пайызбен несие алып, қабырға кесегін және тротуар плиталарын шығаруға арналған құрал-жабдықтар сатып алдым. Ендігі жерде күйдірілген кірпіш шығаратын екінші қазандық алуды жоспарлап отырмын. Қосымша кеңейтудің арқасында жаңа жұмыс орындарын ашамыз және кәсіпорынымыздың табыстылығы да артатын болады»,- дейді.