ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жылдағы дәстүр бойынша жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұылының бастамасымен қолға алынған бұл игілікті шараның негізгі мақсаты жазғы демалыс мезгіліндегі балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Жазғы сауат ашу курстарында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы М.Гаджиев пен мешіттің жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі А.Жарқынбеков балаларға дәріс беруде.
Сауат ашу курстары қыз балаларға және ер балаларға бөлек арналып өтілуде. Сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, имандылық сабақтары, арабша үйрену секілді тәлімі мол дәрістер үйретілуде. Аталмыш сауат ашу курсының еліміздің болашағы балалар үшін берер пайдасы да зор екені түсінікті. Сауат ашу курсына қатысушы балалардың саны жыл сайын артпаса, кеміген емес. Жазғы демалыс айларындағы осы сауат ашу курстары ауысыммен жалғасатын болады.