ЖЫРШЫ МАРАТ СҮГІРБАЙ ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӨЗ РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ
Ата жолын жалғаған, термешілер мен жыраулардың ұрпағы қасиетті Қазалының тумасы, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен республикалық «Қанекей тілім сөйлеші» байқауының І орын, 2012 жылы Шымкент қаласында өткен «Қанекей тілім сөйлеші» республикалық байқауының бас жүлдегері, 2012 жыл «Ән мен жырдың дүлділдің Нартай ақыны» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауының арнайы жүлде иегері, жыршы Марат Сүгірбай «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда қаласының №1 бөліміне келді. «Электрондық үкімет порталын» пайдалану арқылы мекенжай анықтамасын алып, сәбиіне туу туралы куәлік алуға құжаттарын тапсырып, орталық қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіре отырып табыс тіледі.