БИЫЛҒЫ ҰБТ СӘТТІ ӨТТІ - БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Білім және ғылым министрлігі биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті өтті деп санайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл өте сәтті деп есептейміз. 124 мың 346 оқу бітіруші түлектерден 84 мың 248 бала қазақ тілінде бітірді, бұл - 70 пайыз. Қырық мыңнан астамы орыс тілінде бітірді. ҰБТ-ға өтініш берген 87 мың 783 бітірушілерден 82 мың 865 оқушы бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұл 94,4 пайызға тең», - деді С.Нүсіпов.
Оның айтуынша, биыл «Алтын белгіні» растаған балалар саны он пайызға өскен.
«Бұл біз үшін өте жағымды жаңалық», - деді ол.