ҚЫЗЫЛОРДАДА СОҢҒЫ 2 ЖЫЛДА 50-ГЕ ЖУЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛҒАН
Қызылорда облысы бойынша соңғы 2 жылда куәліктерін беру, кінәлілерді жауаптылықтан босату, әкімшілік іс жүргізу тәртібін бұзу және айыппұлдарды өндірмеу түріндегі заңсыздықтар анықталып, осы фактілер негізінде 50-ге жуық тұлғалар жазаға тартылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Н.Дүйсенбаев жол-жүру заңдылығының сақталуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында хабарлады.
«Өкінішке орай, бүгінгі күні де осы тектес заңсыздықтар жалғасып, жүйелілікке айналған. Ағымдағы жылдың 5 айында 134 жол көлік оқиғалары орын алып, 30 адам қаза болса, 168 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған, бұл көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өскен. Полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігінен мас күйде көлік құралын басқарған 8 тұлғаға қатысты әкімшілік істер сот қаулыларымен қысқартылды», - деді Н.Дүйсенбаев өз сөзінде.
Айта кетейік, есепті мерзімде жол ережелерін бұзғаны үшін 17,5 млн. теңге айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмаған. Сол сияқты, процессинг орталығы бойынша 1 млн. теңгеден астам айыппұл салу туралы ұйғарымдар заңмен белгіленген мерзімде жолданбаған. Одан бөлек, 122 әкімшілік істердің негізсіз қысқартылғаны, 21 кәмелетке толмағандардың жастары бұрмаланғаны белгілі болды.
Тексеріспен анықталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіледі.