ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ГРАНТТА ОҚЫҒАНДАР ҮШІН ЖОО БІТІРГЕН СОҢ ҚАЙТА СЫНАУДЫ ЕНГІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Қазақстанда бірқатар мамандықтар бойынша мемлекеттік грант есебінен оқыған ЖОО түлектері үшін оқу бітірген соң қайта сынауды енгізу жоспарланған, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Еуразиялық білім берудің көшбасшылары форумында.
«Мемлекет соңғы жылдары мемлекеттік гранттар арқылы педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған жастарды қайта сынау жөнінде тиісті нормалар енгізді. Енді осындай талаптарды өзге де мамандықтар бойынша енгізу мәселесі қаралуда. Бұл шара өз кезегінде жас мамандардың жергілікті жерлерде қалып қоюына белгілі бір деңгейде ықпал етуі мүмкін», -деді А.Сәрінжіпов.
Сонымен бірге, министр ЖОО, жұмыс берушілердің және еңбек нарығы институттарының өзара іс-қимылына баса назар аударып, сондай-ақ мамандарды іс-тәжірибелік даярлауға баса көңіл бөле отырып, іргелі білімнің құндылықтары туралы ұмытпау керектігін айтып өтті.
«ЖОО қабырғасында алған жүйелі іргелі білім өндірісте іскерлік пен қабілеттерді, идеялар мен технологияларды өз бетінше игеру үшін аса маңызды. Білім жүйесі үшін бірінші кезектегі қажетті дүние – біліктілігін қалыптастыру қажеттілігі мен өз еркімен жетіліп даму және кәсіби деңгейде даму», - деп есептейді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, А.Сәрінжіпов өндірісті білікті мамандармен қамтамасыз ету және тиімді қаржы салу ұзақ мерзімге бағытталған кадрларға деген сапалы болжамдарға байланысты екенін баса айтты.