ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰРАЖАЙДЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҰСЫНДЫ
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысындағы филиалы жанынан «Мирас» қоғамдық Кеңесі құрылған болатын. Онда өңірдегі мәдениет саласының дамуы және тарихи-мәдени құндылықтарымызды сақтаудағы ұсыныстар мен мәселелер қаралады.
«Мирас» кеңесі құрамында мәдениет қайраткерлері, жазушылар, журналистер, қоғам қайраткерлері, тәжірибелі партия өкілдері бар. Бүгінде Кеңестің бірінші отырысы да болып үлгерді. Онда бірнеше мәселер қаралды. Оның ішінде Қызылорда облысы филиалы Кеңесінің хатшысы, ҚР жазушысы Қаршыға Есімсейітова Таңбалы тас шатқалында Қазақ хандығының 550 жылдығына ашық аспан астында мұражай ашу ұсынысын жасады.
- Бұл өте керемет орын, - деді Қ.Есімсейітова. – Қазақ ғалымдарының келтірген деректеріне сүйенсек, он бесінші ғасырда Жәнібек хан осы жерде үш жүздің өкілдерімен кездесу жиынын өткізген. Сондықтан Қазақ хандығының 550 жылдығында шатқалда ашық аспан астындағы мұражайды ашу жұмыстарын бастаса жақсы болар еді.
Айта кету керек, Қызылорда облысында тарихшылар мен қоғам қайраткерлер бұған дейін де ескі Жанкент қалашығында ашық аспан астында ескерткіш орнату ұсынысын жасаған болатын. Ол Қазалы ауданынан 15 шақырым жердегі «Өркендеу» ауылдық округінде орналасқан. Жанкентте ҮІІ-ХІҮ ғасырларда Мавераннахра, Еуропа, Үнді және Қытай елдерінің саудагерлері жүріп өткен.
Саяхатшыларды қызықтыратын тағы бір жәйт, Жанкент Ұлы Жібек Жолының ғана сауда орталығы ғана болып қоймай, Оғыз мемлекетінің астанасы болған.
Шынар БЕКБАН