ЭНЕРГЕТИКА ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛАДЫ
Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бастамасыменұйымдастырылған республикалық энегетика саласындағы «Энергетика Чемпиондары» байқауының бас жеңімпазы анықталды. Финалға шыққан 10 қатысушының ішінен «Гирляндық гидротурбиналар» жобасы үздік деп танылып, автор – Марат Майлибаев 4 000 000 теңгеге ие болды. Екінші орындыДмитрий Хобтаның «Электр беру желілерінің жаңа басты ерекшеліктері» жобасы, үшінші орынды «Қалалық ауаны тазрту»атты Александр Низовкиннің жобасы иеленді. Қазылар алқасының шешімі бойынша Асқар Баубектің «Көмірсутекті жанармайды жандыруға арналған құйын тәрізді жанарғы» атты жобасына арнайы көмеккөрсетілетін болады.
«Энергетика саласындағы чемпиондар» республикалық байқауыныңмақсаты – Қазақстанда жаңа технологияларды дамытуға мұрындық болатын стартап жобаларға қолдау көрсету.Байқау «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 25 маусымында жарияланған болатын. Бақ сынасуға78 өтініш келіп түсті.Тамыздың 2-9 аралығында өткен екінші кезең барысында Комиссия мүшелері 10 жобаныжоғары бағалап, іріктеп шықты. Технологиялық жобаларды объективті тұрғыдан бағалау үшін байқау комиссиясының мүшелері сыртқы сарапшылардың пікіріне құлақ асты. Осылайша, Электроэнергетика және электржабдықтауды дамыту институтының (Қазақэнергосараптау) негізінде түрлі профильдегі мамандар тартылған комиссия құрылды. Сырттан тартылған сарапшылардың құрамында – «Жасыл» экономика мен G-Clobal-ды дамыту Коалициясының өкілдері болды. Комиссия мүшелері бір-бірінен тәуелсіз жобаларды мынандай 5 критерий бойынша бағалады:инновациялылық, экономикалық пайдасы мен бәсекеге бейімділігі, әлеуметтік маңыздылығы, технологиялылығы және қоршаған ортаға әсер етуі. Финалға шыққан үздік он үміткер комиссия алдында өз жобаларын таныстырды. Олардың арасында, үйдің ішін күн энергиясы арқылыжылу, жарық, сумен қамтамасыз ету, қаланы лас ауадан тазалау жүйесі, электрожелілерді тозудан қорғау, осылайша электр қуатын үнемдеу, өзен-көлдердің ағысынан қуат алу, микрогидроэлектрстанцияларын жасау және тағы басқада көңіл аударуға лайық ғылыми және ноу-хау жобалар болды.Комиссия төрағасы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Александр Суворовтың айтуынша, компания енді жеңімпаз жобаны жүзеге асыру үшін инвестор табуға атсалысады.
«Энергетика саласындағы чемпиондар» пилотты байқауынжыл сайын өткізу мүмкіндігі де қарастырылуда.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі «Энергетика саласындағы чемпиондар» республикалық байқауыныңмақсаты – Қазақстанда жаңа технологияларды дамытуға мұрындық болатын стартап жобаларға қолдау көрсету.Байқау «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 25 маусымында жарияланған болатын. Бақ сынасуға78 өтініш келіп түсті.Тамыздың 2-9 аралығында өткен екінші кезең барысында Комиссия мүшелері 10 жобаныжоғары бағалап, іріктеп шықты. Технологиялық жобаларды объективті тұрғыдан бағалау үшін байқау комиссиясының мүшелері сыртқы сарапшылардың пікіріне құлақ асты. Осылайша, Электроэнергетика және электржабдықтауды дамыту институтының (Қазақэнергосараптау) негізінде түрлі профильдегі мамандар тартылған комиссия құрылды. Сырттан тартылған сарапшылардың құрамында – «Жасыл» экономика мен G-Clobal-ды дамыту Коалициясының өкілдері болды. Комиссия мүшелері бір-бірінен тәуелсіз жобаларды мынандай 5 критерий бойынша бағалады:инновациялылық, экономикалық пайдасы мен бәсекеге бейімділігі, әлеуметтік маңыздылығы, технологиялылығы және қоршаған ортаға әсер етуі. Финалға шыққан үздік он үміткер комиссия алдында өз жобаларын таныстырды. Олардың арасында, үйдің ішін күн энергиясы арқылыжылу, жарық, сумен қамтамасыз ету, қаланы лас ауадан тазалау жүйесі, электрожелілерді тозудан қорғау, осылайша электр қуатын үнемдеу, өзен-көлдердің ағысынан қуат алу, микрогидроэлектрстанцияларын жасау және тағы басқада көңіл аударуға лайық ғылыми және ноу-хау жобалар болды.Комиссия төрағасы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Александр Суворовтың айтуынша, компания енді жеңімпаз жобаны жүзеге асыру үшін инвестор табуға атсалысады.
«Энергетика саласындағы чемпиондар» пилотты байқауынжыл сайын өткізу мүмкіндігі де қарастырылуда.