БАС ПРОКУРОР БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІН АТАДЫ
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Заңдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақстандағы балалардың сексуалдық сипаттағы зорлыққа тап болуының негізгі себептерін атады, деп хабарлайды BNews.kz.
Оның пікірінше, алкоголизм және төмен әлеуметтік статус адамдарды осындай қылмыстарға итермелейді.
«Осындай бейнероликтерді көре алатын және тарата алатын әлеуметтік желілер халық, соның ішінде балалар үшін қолжетімді. Интернет қауымдастықтың соңғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалар порнографиясы және балаларға қатысты зорлық жасалған видеолар көп тіркелген. Сондай-ақ алкоголизм де осы жағдайға себепші факторлардың бірі. Мұндай қылмыстардың көбісі мас күйде жасалады. ДДҰ мәліметіне сүйенсек, біз алкогольді тұтыну индексі бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде көш бастап тұрмыз. Сонымен қатар, кәмелет жасына толмаған зардап шегушілер тәрбиеленетін отбасының әлеуметтік статусының төмендігі де себеп», – дейді А.Дауылбаев.
Бас прокурор мұндай қылмыстардың жасалуына әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және адамгершілік проблемалардан туындайтынын айтты.