ҚАЗАҚСТАНДА «100 ҚАДАМ» АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ИДЕОЛОГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ
«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінде қоғамдық игілік ретінде білім мен ғылым құндылықтарына негізделген идеология қалыптасады, деп хабарлады бүгін ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Еуразиялық білім берудің көшбасшылары форумында.
«Жетекші елдер мен әлемдік даму тәжірибесі көрсеткендей, тұтастай білім мен ғылым мемлекеттік даму, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, экономикалық өсім, қоғамдық келісімнің жүйе құраушы факторы болуы тиіс. Осыған байланысты елдің барлық педагогикалық, ғылыми қоғамдастығы, біздің министрлік қоғамдық игілік ретінде білім мен ғылым құндылықтары мен тәсілдеріне негізделген идеологияға жаңаша көзқарас танытуы тиіс», - деді А.Сәрінжіпов.
Министр баса айтқандай, білім беру жүйесін дамытуға қатысты мәселелер «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде көрініс тапқан. Кадрлар даярлау жүйесін дамытуға мұндай көзқарас, ведомство басшысының айтуынша, білім беру саласын жақсарту бойынша нақты іс-қимылды қажет етеді.
Министрдің айтуынша, биылғы жылы Қазақстанның ЖОО жүйесінде ХХІ ғасырдың түлектерінің құзіреті және олардың еңбек нарығының болжамдарына сәйкестігі туралы мәселе басты назарда болмақ.
«ЭЫДҰ елдерінде 16-29 жас аралығындағы жастардың көбі жұмыссыз, білім беру жүйесінде қамтылмаған, өндірісте дайындықтан өтпейді», - деді А.Сәрінжіпов.
Ведомство басшысы айтып өткендей, бүкіл әлемде экономиканың түрлі салаларына байланысты проблемалар бар. Оларды шешудегі маңызды рөл білім беру жүйесіне байланысты болып отыр.