ӨҢІРДІҢ БАС ИМАМЫ ОРАЗА ҰСТАУДЫҢ ТӘРТІПТЕРІ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ БЕРДІ
Қызылордалық имамдар қасиетті Рамазан айында азық-түлік сататын аудан және қала дүкендерінің сөрелеріндегі алкогольдік ішімдіктерді алып тастау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа арнаған Үндеуін насихаттау мақсатында өткен брифинг барысында ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров хабарлады.
Облыстың бас имамы Талғат Омаров жиналған қауымға Рамазан айы қарсаңында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ораза ұстаудың тәртіптері жөнінде толық ақпарат берді. Сондай-ақ, Рамазан айның қасиеті, ораза ұстаудың артықшылықтары мен хикметтері, биылғы пітір садақа мөлшері, 30 күн бойы өтетін іс-шаралар реті туралы әңгімеледі.
Кездесу соңында БАҚ өкілдері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, өңір имамы оларға толыққанды жауап берді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА