ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КИІКТЕРДІ ТАПТАП КЕТПЕК БОЛҒАН 4 МАШИНИСТ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛМАЙДЫ
Онсыз да жүз мыңдап қырылған киіктерді таптап кетпек болған теміржолшылар анықталды. Ақбөкендерге аяушылық көрсете алмағандар - тепловоздың екі машинисті мен көмекшілері болып шықты. Қаптап өрген даланың ерке жануарлары теміржолдан асып өтпек болғанда, пойыз машинистерінің делебесі қозып, таптап өтуге әрекеттенген. Қайта, кенеттен кері бұрылған киіктер ажалдан аман қалды.
Қатыгездігімен жұртшылықтың жағасын ұстатқан тепловоз жүргізушілері бұл ісінен ешқандай да қылмыстық әрекет көрмейтінін айтты. Бірақ әлеуметтік желіге кеңінен тарап кеткен бейнероликті көргендердің дені «Қызыл кітапқа енген қасиетті жануарлады қасақана басып өлтіргілері келді» деген ойда. Жақында ғана елдегі ақбөкендердің жаппай қырылуынан кейін бұл оқиға жанға қатты батты. Дегенмен бірде бір киікті қағып кетпеген машинистер жауапқа тартылмауы да мүмкін.
«Менің ойымша бұл жерде қылмыстық оқиға орын алған деуге негіз жоқ. Машинистердің аты-жөнін анықтағаннан кейін де олардың киіктерді қыруға бағытталған қылмыстық іс-әрекет жасады деп айыптай алмаймыз. Өйткені тепловоз жүргізушісі бірнеше рет дыбыс берген, соның нәтижесінде киіктер бағытын өзгертіп аман қалған», - дейді қорғаушы Каныш Дусембаев.
Айта кетейік, машинистің 30 жастағы көмекшісі түсірген таспа ғаламторға таралып, көпшіліктің ызасын туғызған болатын. Оқиға Қызылорда облысында Сексеуіл және Қоскөл бекеттерінің аралығында болыпты.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА