ҚАЗАҚСТАНДА ЖОО-ҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ САНЫ ҚЫСҚАРДЫ
Еліміз бойынша талапкер құжатын қабылдау 20 маусым күні басталады. Ал тегін білім алу байқауына қатысуға ниетті түлектер шілденің 23-нен бастап, жоғары оқу орнын таңдайтын болады.
Биыл Ұлттық университетке түсуге ниет білдіргендер ҰБТ-дан кем дегенде 70 ұпай жинауы тиіс.
Қазір Алматыдағы жоғары оқу орындарында қабылдау комиссия мүшелері тағайындалуда. Енді олар түлектен оқуға түсер алдындағы сын емтихан қабылдайтын болады. Ал кешенді тестілеу науқаны 17-сі мен 22-шілде аралығында жүргізіледі.
Бұдан басқа, шығармашылық мамандыққа тапсырамын деген талапкер құжаты 1-шілдеге дейін қабылданып, емтихан 2-ші және 7-шілде аралығында өтеді деп жоспарланған.
«Грантқа қабылдау 23 шілде мен 31 шілде аралығында жүргізіледі. Ал грантты жеңіп алу мәселесі байқауға байланысты соңғы 3-4 жыл бұрын қабылданған ереже сол күйі қалды. Ең бірінші кезеңде кешенді тест болады. Оған мектепті былтыр бітірген немесе колледж бітіргендер тапсыра алады. Оған құжат қабылдау 1-9 шілде бойы жалғасады», — деді ХАТУ «Ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы Мүслім Серғазиев.
Биыл бөлінген жалпы грант саны өткен жылға қарағанда 1997 орынға қысқарған. Ал бірінші, екінші дәрежелі мүгедектерге, әлеуметтік аз қамтылған балаларға және оралмандар мен ауылдық жерде тұратын жастарға арналған пайыздық жеңілдіктер өзгеріссіз сақталыпты.
Еліміздің білім тізгінін ұстағандар мемлекеттік грантты бөлуде сұранысқа ие мамандықтарға айрықша көңіл бөлген. Айтуларынша, осы жылы техникалық, ауыл шаруашылығы және жалпы білім беру мамандығын таңдаған талапкер ұтылмайды. Өйткені, аталған салаға жылдағыдан көбірек грант бөлініп отыр.
«Биыл ең алдымен елбасы жариялаған индустрияландыру бағыты бойынша, екінші оқытушыларды дайындау мақсатында педагогикалық кадрларды дайындау бойынша мамандар қарастырылған», — деді Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров.
Тегін білім алуға оқу ордасын таңдау үшін талапкер шілденің отыз біріне дейін тиісті құжатты тапсыра алады. Ал мемлекеттік грантқа қол жеткізгендердің есімдері тамыздың 10-ы белгілі болады. Кейін ел бойынша ақылы түрде оқуға ниетті жастардың өтініштерін қабылдау басталады.
Ағымдағы жылы 32168 талапкер тегін білім алу мүмкіндігіне ие болмақ. Ол үшін мектеп бітіруші кем дегенде 70 балды жинауы қажет.