ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ СЕМИНАР БОЛДЫ
9 маусымда Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің оқу залында «Департаменттегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жай-күйі және жетілдіру туралы» семинар-сабақ болып өтті.
Семинар-сабақты ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Мұрат Келесов ашты. Одан соң Кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет капитаны Ақмарал Сермағамбетова «Департаменттегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жай-күйі және жетілдіру шаралары» тақырыбында баяндама оқыды.
Сонымен бірге, семинар-сабақта «Ішкі істер органдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістеме», «Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік туралы ереже», «Ішкі істер органдарындағы ар-намыс кодексі», «Ішкі істер органдарындағы полиция құрылымдары туралы ережесі», «Ұжымның моральды-психологиялық климатын реттеу шарасы» тақырыбында лекциялар оқылды.
Сондай-ақ, семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, дене дайындығын шыңдау, салауатты өмір салтын сақтау, тәрбиелік шараларды ұйымдастыру, қызметтік тәртіп пен этиканы сақтау, кәсіби оқыту мен біліктілікті арттыру туралы да түсіндірмелер берілді.
Қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Аталмыш семинарға барлығы 80 адам қатысты.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы