«БЕСІК ӘЛІППЕ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ» АТТЫ АЛЬБОМ-ЖИНАҚ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
«Сардар» баспа үйі «Бесік әліппе» және «Қазақ хандары» деген альбом-жинақ шығарған. Осыған орай ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев және «Сардар» баспа үйінің директоры Әділ Қаженов «Таңшолпанда» қонақта болып, жағымды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды kaztrk.kz.
«Бесік әліппе» жинағы дүниеге енді келген балаларға арналған. Мұнда қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы қысқаша мағлұмат берілген. Сондай-ақ, баланың суреттеріне арналған арнайы орын да бар. Яғни, әрі кітап, әрі альбом. Бұл қазақ тіліндегі алғашқы кітап-альбом. Әр қазақ отбасында тұруы керек дүние»,-дейді Әділ Қаженов.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жарық көрген «Қазақ хандары» альбом-жинағына тоқталған Берекет Кәрібаев: «Мерейтойға әр зерттеуші, тарихшы, өнер қайраткері үлес қосуда. Біз де өзіміздің зерттеп жүрген тақырып болғандықтан, кітапты биыл шығаруды жөн көрдік. Үш тілде шығарылған кітаптың сипаты – ғылыми-танымдық. Кіріспе сөз Елбасының тарих туралы айтқан пікірлерінен басталады. Одан кейін Қазақ хандығының алғашқы ханы Керейден бастап, соңғы билеуші Тәуе ханға дейінгі 17 хан қамтылған. Кітапта сондай-ақ, қазақ халқының өмірінен көрініс беретін суреттер бар», - деді өз сөзінде.