ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
5 институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары, университеттің ғалым-ұстаздары, аймақтағы жұмыс берушілер мен бизнес қауымдастығы өкілдері, жас ғалымдар қатысты.
Аталған мәслихатта сөз алған университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қылышбай Бисенов: "Елбасымыздың ұсынған «Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты мақсаты әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған отыз елінің қатарына қосылу болып табылады. Мұндағы басым бағыт білім мен ғылымға берілген, себебі бәсекеге қабілетті адам капиталы мен дамыған ғылыми инновациялық жүйе баянды болашақтың кепілі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде жаһандық сын-қатерлерге өзгеше және қуатты тойтарыс беру бағытындағы ұсынған бес институционалдық реформасы да осы мақсатты көздейді" дей келе, конференция тақырыбы да осы мәселелерге арналып отырғандығын атап өтті.
Жиын барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Гүлмира Саудабаева, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры, т.ғ.д. Кенжебек Ақмалаев, Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, псих.ғ.к. Жұпаркүл Бейсенова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің профессоры, п.ғ.д. Шарбан Майгелдиева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің доценті, з.ғ.к. Елена Милова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, PhD докторы Бақытжамал Бекжановалар баяндама жасап, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің өзекті мәселелеріне тоқталды.
Конференция соңында басқосуда айтылған ой-пікірлер, қабылданған ұсынымдар ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданды.

Комментарии 1