ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАДА
Судағы демалыс – әсіресе жаздың күндері демалыстың ең бір керемет түрі. Балалар мен ересектер үшін катерде, қайықта серуендеу керемет ләззат әкеледі. Алайда, демалыс орны толмас қайғылы оқиғаға да душар етуі мүмкін. Судағы қауіпсіздік ережесі талаптары ескерілмегендіктен, қайғылы жағдай немесе адам өлімі орын алуы да әбден мүмкін екендігін естен шығармау керек. Бақытсыз жағдайлар көбінесе суға түсу қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтамағандықтан болып жатады. Осы жайында 8 маусымда «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында Суда құтқару стансасының бастығы Жасұлан Жексенбиев сұхбат берді. Сонымен бірге, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облыстық филиалының фельдшерлері Ермек Қуандықов пен Ғалым Исабековтер көрермендерге суға кету жағдайындағы адамға қалайша алғашқы медициналық көмек көрсетуге болатындығы туралы әңгімеледі. Аталмыш бағдарламаның жүргізушісі Альбина Байдүйсенова бағдарламаға қатысқан құтқарушы мамандарға келелі әңгімесі үшін алғысын білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы