ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 18444 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН
Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді. Жалпы облыс орталығында 243 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-ы көпқабатты үйлердің ауласында, 133-і көше қиылыстарында орналасқан.
Жедел басқару орталығының техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы облыс орталығында жасалған қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2015 жылдың 5 айында облыс орталығында орналасқан бейнекамералардың көмегімен барлығы 113 қылмыстың беті ашылса, есепті мерзімде анықталған құқық бұзушылықтың саны 18444-ті құрап, олар бойынша әкімшілік шаралар көрілген.
Ал есепті мерзімде «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша жалпы 11 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 8 мың 255 азаматқа 37 млн. 186 мың теңге көлемінде айыппұл салынса, 451 азамат әкімшілік қамауға алынды.
Құқықтық сана-сезімді қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында қызылордалық полицейлермен атқарылатын қарқынды жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі