ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ ҚЫЛМЫС САНЫ АРТЫП БАРАДЫ
Қызылорда облысында қылмыс саны артып барады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Жыл басынан бері облыс бойынша 5603 қылмыс тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 29,8%-ға көп. Дегенмен өңірде кісі өлтіру, зорлау, тонау секілді ауыр қылмыстар азайған», - дейді облыстық ІІД басшысы Жанат Сүлейменов.
Ішкі істер департаменті бұрын сотты болған тұлғалар жасайтын қылмыс саны 40%-ға азайғанын атап өтті. Бұл тұста абақтыдан жазасын өтеп шыққандарды әлеуметтік бейімдеуде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен профилактика шаралары тиімді нәтиже беріп отырғаны байқалады.