ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ІС – ШАРА ӨТТІ
Өрттің негізгі шығу себептері - жанып тұрған отқа дұрыс бақылау жасамағандықтан, электр заттарын, газ құрылғыларын дұрыс пайдалана алмаудан және балалардың отпен ойнау қателіктерінен болатыны белгілі. Жаздың ыстық сәттері - өрттің шығу қаупінің тез туындауына әкеліп соғатын уақыт.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері өрттің шығу себептерінің алдын алу мақсатында барлық қала аймақтарына профилактикалық іс – шаралар жүргізіп отырады, деп хабарлайды мекеменің ақпарат тобы.
8 маусымда №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Сәулет» мөлтек ауданының жеке секторларына рейд жүргізді. Рейд барысында олар тұрғындарға газ құрылғыларын, электр заттарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап отыруды, үйде өртке қауіпті заттарды пайдалануда сақ болуды тапсырды.
Іс – шара соңында қызметкерлер үй тұрғындары мен жалдап тұрушыларға тұрғын үйде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы жадынамалар таратты.
Жазғы демалыс кезінде көптеген ата-аналар балаларын үйде қараусыз қалдырып кетеді. Осы тұрғыда қызметкерлер балаларға төтенше жағдайлар туралы түсініктемелер берді.