МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында сот өндірісіндегі азаматтық дауларды шешудегі медиация тәртібін қолдану туралы семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Семинар-кеңесті облыстық соттың кеңсе басшысы А.Жұмамұратов ашып беріп, соттарда медиация заңының қолданылу барысына тоқталып өтті.
2015 жылдың 5 айында Қызылорда облысы бойынша Медиация тәртібімен 34 іс қаралған. Оның ішінде алимент өндіру бойынша - 2, баласымен қарым-қатынас жасау уақытын белгілеу тәртібімен - 1, некеден ажырасу - 21, өзгеде отбасылық дауға қатысты - 2, жол-көлік оқиғасына қатысты дауларды шешуге - 3, өзге де талап қою істері бойынша - 5 талап арыз түскен.
Жиын барысында тақырып кеңінен талқыланып, баяндамалар тыңдалды. Облыстық соттың отставкадағы судьясы М.Имандосов «Қазақстанда медиацияны дамытудың кейбір сұрақтары» тақырыбында сөз өрбітсе, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов «Сот тәжірибесіндегі медиацияны қолдау кезінде туындайтын мәселелері» аясында, ал Қызылорда облыстық гуманитарлық - техникалық институтының оқытушысы А.Алмешова өз баяндамасында медиация мақсатына кеңінен тоқталды.
Семинар-кеңеске қатысушылар тақырып аясында өз ойларын кеңінен ортаға салып, аталмыш заңды қолданудағы кедергілер мен өзге де туындайтын мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
Осы бағытта, жиынға қатысушы Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры С.Серімбетов, Қызылорда облыстық Әділет департаментінің бастығының орынбасары И.Бакишева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ж.Исаева өз ойларын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.
Басқосу соңында кеңсе басшысы, бүгінгі семинар-кеңестің модераторы А.Жұмамұратов жиынды қорытындылай келе, қатысушыларға белсене атсалысқандары үшін алғысын білдіріп, медиацияны кеңінен қолдану бағытында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.