СОТ ОРГАНДАРЫНЫҢ СЕРВИСІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БІРТҰТАС ТЕРЕЗЕ
Қазақстан судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әділ сот төрелігінің халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсында www.sud.kz «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Бұл ең алдымен Қазақстан Республикасында сот жүйесі мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы интернет ресурстары арқылы электронды қарым қатынастарды жүзеге асыру үшін бағытталып отыр. Енді қазақстандықтарға ақпараттық сервистердің арқасында өз үйлерінен шықпай-ақ, ғаламтор арқылы сот құжаттарымен танысу мүмкіндігі ұсынылып отыр.
«Сот кабинеті» бұл - сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе.
Сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Сот кабинеті» арқылы келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады: талап арыз беру, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіру, өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу және беру, мемлекеттік алымдарды Он-лайн түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі.
Сонымен қатар, кез-келген ел тұрғыны өзіне қолайлы уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады.
Мұндай жаңа электрондық жобалар азаматтардың пошталық қызметтерге жұмсалатын қаржылық және уақыт шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мәселен, "Сот кабинетіндегі” "Сот құжаттарымен танысу” сервисі логин, пароль, ЖСН-ды енгізу арқылы электронды сот құжаттарын көруге мүмкіндік бермек. Өтініші жолданған соң, азаматтар оның тіркелгені туралы талон мен электронды хабарламалар туралы келісімге ие болады. Сот процесіне қатысушы өзге тараптарға да сот тыңдалымы туралы талон жолданады.
Осындай жаңа жобалар мен технологияларды енгізуде Жоғарғы сот азаматтарды жедел ақпараттандыруды мақсат тұтып отыр. Бұл ретте сот процесіне қатысушыларға судьяның электронды-сандық қолтаңбасы қойылған, сот актілерінің шыққаны туралы SMS хабарлама жіберілмек.
Ал сот отырысы хаттамасының сапасын арттыру мақсатында барлық соттарда сот процесіне аудио, бейне тіркеу жүйесі енгізілуде. Заманауи технологиялар негізінде сот процестерін электрондық хаттамаға түсіруге мүмкіндік беретін бұл жүйеге сот процесіне қатысушылар "Сот кабинеті” арқылы шыға алады.
Сондай-ақ, шетелдің озық тәжірибесіне сүйене отырып, аудио, бейне тіркеу жүйесі аясында сот залдары бейнеконференц жүйесімен жабдықталуда. Бұл сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қамаудағы күдіктіні алып келуге қатысты ауыртпалық та жойылмақ.
Еліміздің сот жүйесі жылдан-жылға жаңа бағдарламаларды тәжірибеге еңгізіп келеді. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін және қарапайым жандардың жағдайы үшін жасалып жатқан істер. «Сот кабинеті» де жаңа бағдарлама, керек бағдарлама. Осы жаңашылдықты сотқа жүгінуші тараптар еркін меңгерсе деймін. Себебі, бүгінгі заманның өзі осы талаптарды біздің алдымызға қойып отыр.
Сот саласындағы жаңалықтар мұнымен тоқтамақ емес, күні кеше апелляциялық және кассациялық шағымдарға да қатысты электрондық сервистеді «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде жүзеге асыру мүмкіндігі іске асырылды.
Е.Боранбаев,
Қызылорда облыстық сотының
кеңсе басшысының орынбасары