ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ 2 ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қоғамдық кеңестің 2 отырысында 3 мәселе қаралды. Бірінші мәселемен Қызылорда қалалық жер қатынастары бөліміне берілген ұсыныстардың орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы Департаменттің консультанты Н.Қаласовтың хабарламасы тындалды. Атап өтсек, қоғамдық кеңесте және тәртіптік кеңестің отырыстарында бөлім қызметінің мәселесі бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бірқатар ұсыныстар берілген болатын.
Дегенмен, бөлім тарапынан атқарылып жатқан шаралар мардымсыз. 2014 жылға жүргізілген бағалау қорытындылары жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі қызметінің тиімсіздігін көрсетіп отыр. Дегенмен, бұл шараның орындалуы да бөлімнің қызығушылығын тудырмай отыр. Атқарылған шаралар жайлы ақпарат беру бөлімнен бірнеше мәрте сұралғанымен, нәтижесі жауапсыз болды.
Қоғамдық кеңес мәселені талқылай келе, Қызылорда қаласы әкімінің және қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының атына қалалық жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бағытында Қоғамдық кеңес пен Тәртіптік кеңестің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарының орындалуын қамтамасыз ету, жалпы осы мәселеге түпкілікті мән беру, бақылауда ұстау мақсатында Қала әкімдігінің алқасында арнайы қарауды, мемлекетік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын қызметкерлер арасында стандарт талаптарын білу деңгейіне тестілеу жүргізуді ұсынды.
Екінші мәселемен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша департаменттің консультанты А.Абаевтың хабарламасы тыңдалды. Нақтыласақ, агенттіктің тапсырмасына сай, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық Кәсіпкерлер палатасы өкілінің қатысуымен бірлесіп, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасында, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде және Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, нәтижесімен бірқатар кемшіліктерді анықтады.
Мысалға, мемлекеттік органдармен және Халыққа қызмет көрсету орталығымен Стандартта бекітілген тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап ету және көрсетілген құжаттарды талап етпеу фактілер орын алып отыр, барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілмеген, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға шынайы есептерін беру фактілер орын алып отыр.
Қоғамдық кеңес мәселені талқылап, Қызылорда облысы бойынша Департаменті облыстық Кәсіпкерлер палатасы өкілінің қатысуымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға бағытталған құқықтық оқуларын өткізуді кемшіліктерге жол берген жауапты қызметкерлерінің жауапкершілігін қарауды ұсынды.
3 мәселемен Қызылорда ОІІД-нің 13.03.2015 жылғы қоғамдық кеңес хаттамалық шешімінің орындалуы жайы, Шиелі және Қазалы АІІБ-де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жүргізілген тексерулердің қорытындылары туралы департаментінің консультанты Т.Ибайдилдаевтың хабарламасы тыңдалды. Мәселені талқылау барысында департамент тарапынан берілген ұсыныстары бойынша шаралар атқармағаны атап өтілді.
Мәселені қарап, Қоғамдық кеңес өз шешімімен Шиелі және Қазалы аудандық ішкі істер бөлім басшылары мемлекеттік қызмет көрсету мәселесінде ведомстволық бақылауды әлсіреткендері үшін олардың тәртіптік жауапкершіліктерін шешуді ұсынды.