ҚАЗАҚСТАНДА ҰБТ-ДАН 125 БАЛЛ АЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ ТӨРТКЕ ЖЕТТІ
Қазақстанда ҰБТ-дан 125 балл алғандардың саны төртке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, тестілеудің үшінші ағымы 4 маусым күні 61 пунктте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 59 195 түлектің 95,1 пайызы, яғни 56318-і қатысты. Орта балл - 78,4.
"100 балдан жоғары нәтижені 3154 (16,4 пайыз) түлек алды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4018 (16,7 пайыз) болған еді. 125 балды 2 оқушы алды: Самат Сымбат Куанышқызы, БҚО Теректі ауданың "Үміт" лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова, ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі", - делінген министрліктің хабарламасында.
Айта кетейік, ҰБТ-ның үшінші ағымында 9 түлектің тестілеу нәтижесі жойылды. 50 балдық шеткі деңгейді 3992 түлек (20,7 пайыз) тапсыра алмады.
Еске сала кетейік, бұған дейін тараздық түлек Гүлназ Ердосова мен Астана мектеп-лицейінің түлегі Риана Мұстафинаның 125 балл жинағаны хабарланған болатын.