МАМАНДАР ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ АТТЕСТАТТАРҒА ИЕ БОЛАДЫ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде дөңгелек стол кездесуі өтті. Оған өңірдегі кеден өкілдері шақырылды.
Кеден өкілдеріне, бүгінде облыста олардың саны 12 құрайды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірнеше бұйрықтары таныстырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы Бахыт ОРДАНОВА хабарлады.
Оның ішінде, 2015 жылғы 25 ақпандағы №124 бұйрық «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын» бекітеді, ал 238 бұйрық «Кедендік декларациялау жөніндегі маманға біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері» бойынша пәрмен береді.
Осы бұйрықтарға сәйкес, біліктілік аттестаттарын біліктілік емтиханын өткізген кеден органдарының лауазымды тұлғалары дайындайтын болады. Аттестаттар мен бейдждерге осы аумақтық органның басшысы қол қояды.
Сонымен қатар, біліктілік емтихандарын өткізуге құзырлы аумақтық органдардың тізімі бекітілген.
«Дөңгелек столға» қатысушылар емтиханды өткізу тәртібімен, аттестаттар мен бейдждердің үлгісімен танысты. Емтиханды сәтті тапсырған декларациялау бойынша мамандар, оның ішінде 2014 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін тапсырып үлгергендер бар, жаңа үлгідегі аттестаттар мен бейдждерге ие болады.