АНА ТІЛДІ БІЛУ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТЕУ ПАРЫЗ
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы семинар болып өтті. Оған қызылордалық мекемелердің және «Қазақ тілі» бастауыш ұйымдарының өкілдері қатысты , деп хабарлайды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы А.Нұрманова.
Семинарда «Қазақ тілі» халықаралық қорының облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Садуақас Аңсат мемлекеттік тіл мен оның қоғамдағы ролінің маңыздылығы туралы айтты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту бөлімі, «Қазақ тілі» халықаралық қорының облыстық қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірігіп мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында түрлі шараларға атсалысып келеді. Департаменттің қызмектерлері әр түрлі байқауларға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Мәселен, облыстық «Тіл шебері – 2015» байқауында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Ержан Үсенбаев 1 орын иегері атанып, республикалық байқауға жолдама алды.