ҚР ХҚКО-ЛАРЫНДА 35 ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Маусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болды. Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға, кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, ҚР-на жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге және т.б. үшін жүгінуге болады.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді.
«Әзірше осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негізде көрсетілетін болады», - деп атап өтті.
Балташева сонымен бірге ҚР ХҚКО-ларына жаңа қызметтерді ендіру бойынша жұмыс жалғасатынын хабарлады. Жыл аяғына дейін ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерін ендіру жоспарлануда екендігін айта кетелік.
Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсеткенін, 2012 жылы – 113, 2014 жылы олардың саны 171 жеткендігін айта кетейік. ҚР ХҚКО-ларда ағымдағы жылғы 4 ай ішінде көрсетілген қызметтер саны 13 711 696 құрайды, соның ішінде 10 миллионнан астамы - электрондық.