НЗМ-ДА «ЖАЗҒЫ МЕКТЕП» ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ
Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың академиялық әлеуетін және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында «Жазғы мектеп» есігін айқара ашты.
Ашылу салтанатында сөз алған мектеп директорының орынбасары Ақбота Мамадияр барлық мектеп оқушыларын балалар мерекесімен құттықтап, жазғы мектеп жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнан соң оқушылар топ жетекшілерімен танысты. Өзара әріптестік ынтымақтастық аясында мектеп кураторларына Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттері көмектесуге ниет білдірген-ді. Жаз бойы еріктілер мектептің жұмысына араласып, жергілікті мұғалімдермен тәжірибе алмасатын болады.
Көңілдерін көтеру үшін балалар алдымен флеш-моб биледі. Мұнан соң арнайы сабақтарға қатысып өзекті мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу мен ғылыми жұмыстардың орындалу барысымен танысты.
Сергіту сәтінде оқушылар түрлі ойындарға қатысып, олардың арасында әлеуметтік-эмоциялық және комплексті-эстетикалық дамуын қамтамасыз ететін шаралар өткізілді.
Жазғы мектептің екінші күнінде Назарбаев Зияткерлік мектебі нағыз «Бизнес» қалашығына айналды. Оқушылар өз бизнес-идяларымен бөлісіп, жүзеге асыра алды десек артық айтқандық емес. Қарапайым оқу сыныптарын сән салоны мен караоке орталығына айналдырып, коммерциялық қызмет көрсете білді. Тұтынушылар ретінде мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері болып, балалардың ұйымдастырған дүкендерден дәм татып, ұсынған қызметтерін пайдаланды. Сонымен қатар пайдалы кеңестер алып, массаж жасатты. Әрине әр қызметтеріне оқушыларға тиісті қаражаттар да төленді. Шынайы болмаса да, балалар бизнес әлеміне үңіліп, бар ықыласын танытып, жұмыстарын үлкен қызығушылықпен іске асырды.
Жазғы мектептің үшінші күні керемет «Fashion Show» шарасымен ерекшеленді. Қарапайым пакет, картон, газет, қағаздан керемет көйлектер мен сәнді бұйымдар әзірлеуде шеберлік танытқан оқушылар жиылған көпшілікті таң қалдырды. Алғашқы минуттарда-ақ балалар түсі мен сәнін үйлестіріп, көздің жауын алатын керемет дүниелерді көрсетті. «Қалдықсыз технологиялар» мен «В мире дикой природы» тақырыбында дайындалған сән үлгілері арқылы балалардың идея мен таланттарының кереметттілігі аңық байқалып тұрды. Сонымен қатар сәнқойларымыз өз шығармаларын көпшілікке таныстыра отырып, қолжетімді материалдардан сәнді дүниелерді жасау жолын көрсете білді.
Айта кетейік, жазғы мектеп жұмысы маусым айының соңына дейін жалғасады. Жоспар бойынша 7,8,9 және 11 сынып оқушыларынан барлығы 598 бала қатысатын болады. Күніне бір мезгіл оқушылар жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша эсперименттік жұмыстарын жүргізіп, жобалау жұмыстарын дайындайды. Ал жоғары сынып оқушылары болса ағылшын тілінен тереңдетіп оқытылады және де SAT, SET и IELTS емтихандары бойынша дайындық жүргізеді деген жоспарда бар.