ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСТАРЫ МОТОШЕРУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН КҮТІП АЛДЫ
Атырауда «Қазақстан - 2050» жалпыхалықтық қозғалысының белсенділері «Wheels Brothers MC» мотоклубымен бірлесіп, «Менің елім – Моя страна» аты жобаны іске асыру барысында жолға шыққан-ды.
Қызылорда жастары "Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы" құрметіне арналған мотошеру қатысушыларын қарсы алды. Бұл туралы «Қазақстан - 2050» жалпыхалықтық қозғалысының Қызылорда облысындағы үйлестірушісі Жасұлан Серіков хабарлады.
"Менің Елім, Моя Страна" деген атаумен Атырау қаласынан бастау алған мотошеру 18 күнге созылып, осы жоба аясында еліміздің 20 қаласын қамту жоспарлануда. Ұлт аралық татулықты насиxаттауды мақсат еткен бұл ауқымды жоба "Қазақстан-2050" Жалпыұлттық қозғалысының тікелей бастамасымен қолға алынды. "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ негізгі демеуші, осы қолдаудың арқасында шеруге қатысушылар еліміздің кез келген "ҚазМұнайГаз" май құю бекетінде тегін жанар-жағар май құйып ала алады. Қозғалыстың белсенділері және Қызылорда Жастарының Ресурстық Орталығы шеруге қатысушыларды күтіп алып, қала орталығымен таныстырды», - деді Ж.Серіков.
Ұйымдастырушылар өзінің осындай ерекшелігі арқылы жоба Қазақстанның белсенді жастарын өз орталарына тартып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру бойынша Мемлекет басшысының идеяларын анық, түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік бермек.
Айта кету керек, мотошеру Атырау қаласынан басталып, Орал, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Үшарал, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана, Қостанай сияқты барлығы 20 қала мен көптеген елді мекендерді басып өтеді.
Шынар БЕКБАН