ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР АРАСЫНДА КТК ОЙЫНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Берік отбасы есірткіден алыс!» ұранымен КТК ойындарын өткізді. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу, жастардың қоғамдық дертке айналып отырған есірткі мәселесіне қатысты азаматтық пікірін білдіруге мүмкіндік беру болып табылды.
Аталмыш сайысқа облыстағы арнаулы оқу орындарынан 14 команда, 300-ге жуық студент қатысты. Студенттер өздерінің сөзге шешендік, әртістік, өнерге икемділік пен вокалдық қабілеттерін көрсетіп, өзара бақ сынасты.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болып, І орынды «Шиелі жастары» командасы (Шиелі индустриалды – аграрлық колледжі), ІІ орынды «Бұйырса» командасы (Арал көпсалалы колледжі), ІІІ орынды «АИТК жастары» командасы (Арал индустриалды – техникалық колледжі) иеленді.
Жеңімпаздар, өнері ерекше деп бағаланған 30 студент және қатысушы командалар Қызылорда ОІІД тарапынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі