АДАМ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Кеше Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сот алқасында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілген азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы хабарлады. Сотталушы өзіне шығарылған үкімге келіспей, облыстық соттың апелляциялық сот алқасына шағым түсірген болатын.
Іс материалдарына сәйкес, азаматша өткен жылы қыркүйек айының отызы күні алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғып, адамды жезөкшелікке пайдалану мақсатындағы іс-әрекетке барған. Адамды елу мың теңгеге бағалап, Жаңақорған кентінде жүргізілген жедел іс-шара нәтижесінде тергеуден бой тасалап жүрген екі сыбайлас құрықталған.
Бұған дейін от басып, бір рет жазасын өтеп келген сотталушы бір басқан қатесін қайталап, «кәсібіне» қайта барған. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен аудандық соттың үкімі өзгеріссіз, ал сотталушының шағымы қанағантандырусыз қалдырылды. Енді адам саудасымен айналысқан бойжеткен жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейтін болады.
Шынар БЕКБАН