МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА НҰСҚАУ ӨТКІЗІЛДІ
Оқу жылы аяқталып, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері өз жұмысын бастап отыр. Осы орайда өрттің, төтенше жағдайлардың алдын алу, тынығушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында Оңтүстік өңірлік аэромобилдік жедел құтқару жасағы, Суда құтқару қызметімен бірлесіп, №3 мектеп-лицей мәжіліс залында қала мектептерінің басшылары мен лагерь басшыларына «Өрт және судағы қауіпсіздік» атты нұсқау ұйымдастырып, өткізді. Бұл туралы Қызылорда қалалық ТЖБ хабарлады.
Іс шара барысында тыңдаушыларға қаладағы өрт ахуалы, өрттің пайда болу себептері, оны болдырмау, суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек тәсілдері, өртттің алдын алу іс-шаралары жөнінде бейнероликтер көрсетіліп, жалпы қауіпсіздік туралы нұсқау жүргізілді. Нұсқауға 52 мектеп директоры, олардың орынбасарлары және лагерь басшылары қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға лагерь тынығушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйғарымдар тапсырылды.