БАЙЛАНЫСШЫЛАР БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІН ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗДІ
Кеше Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында Халықаралық балалар күні мерекесіне орай, «Балалар сурет салады» тақырыбымен балалар конкурсы өтті. Осындай атаулы күні конкурс қатысушыларына өздерін суретші сезінуге мүмкіндік туды. Осылайша асфальтқа түрлі түсті бормен сурет салды.
Екі сағатқа созылған конкурста кішкентай суретшілер алып Бәйтерек, әсем гүлдер, тіпті сылдырлап аққан Сырдария өзенін де, оның жанынан бой түзеген қара үйлерді де, көкке жайылып жүрген жылқыларды да салған. Барлық бала мерекелік көңіл-күйде жүрді. Балалардың ойлау қабілеттеріне таң қалмасқа болмайды. Ең кішкентай қатысушылар конкурстың нәтижесін тағатсыздана күтті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Байланысшылар балаларды қорғау күнін қызықты өткізді.