ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ ӨҢІРДЕГІ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА
Мамыр айының соңғы аптасында ҚР дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ жобасының бірлесіп дайындаған бағдарламаларымен жұмысын бастап кетті. Зерттеуге қатысатын мекемелердегі көрсетілетін қызмет сапасын бақылауды ұйымдастыру, әрі қарай денсаулық сақтау мекемелері даму жолында облыстық және ұлттық деңгейде осы нәтижелерді қолданады.
Тексеру барысында Облыстағы денсаулық сақтау мекемелеріндегі еңбек ресурстарын басқару және бюджетті жоспарлау секілді жұмыстарға баға беріледі.
Бағаның негізгі мақсаты елдімекенге сапалы көмек көрсетіп отырған денсаулық сақтау ұйымдары жүйесін күшейту.
Осы орайда Қызылорда қаласында №1 және №3 емханалары мен Сырдария және Шиелі аудандық ауруханалары мен амбулаториялық емханалардың қызметімен танысты.
Келесі кезең бойынша Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау мекемелері жетекшілері үшін оқыту және консультациялық семинарлар өтетін болады.
Шынар БЕКБАН