БАЛАЛАР АСФАЛЬТҚА СУРЕТ САЛДЫ
Күн жылынысымен балалар далада ойнауды ұнатады. Асфальтқа бормен сурет салу да жазғы ойындардың бір түрі. Асфальтқа сурет салу – бұл тек қана көңілді серуендеу ғана емес, сондай-ақ, балалар шығармашылығын шыңдау, қоршаған ортаны балаға таныту болып табылады. Яғни, қалам, қарындашпен қағазға сурет салудан гөрі балаға қызығырақ және өзгеше болады. Балалар үшін шығармашылықтың нәтижесі маңызды емес, сол сурет салып жатқанның өзі пайдалырақ болатыны сөзсіз. Асфальтта сурет қалай шығатыны емес, балаларға үлкен қуаныш сыйлайтыны маңыздырақ.
Жыл сайын 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Осы мерекеде Қызылорда облысы ТЖД, ТЖД Ардагерлер кеңесінің қолдауымен Қызылорда облысы ТЖД және құрылымдық бөлімшелер балаларының арасында «Менің Қазақстаным!» тақырыбында асфальтқа сурет салудан байқау болып өтті, деп хабарлайды облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы. Осы балаларға арналған іс-шараға 4-тен 13 жасқа дейінгі 17 бала қатысты.
Жылдағы дәстүр бойынша байқау департамент ғимаратының ауласындағы алаңда өткізілді. Балалар байқауға өте жауаптылықпен қарап, зор құлшыныспен тақырыпты ашуға тырысты. Суреттер мағыналы болды. Балалар «Ақ орданы», «Бәйтеректі», «жайлауды», биік үйлерді, көңілді балаларды және тағы басқаларды бейнеледі. Одан соң барлық балаларға балмұздақ үлестірілді.
«Балалар – біздің болашағымыз – аға буын біздер олардың тағдырына жауаптымыз. Егер олар қазіргі күні осы жасында бейбітшілікті, достықты, әдемілікті, таңғажайыпты бейнелейтін болса, онда әрине олардың тәрбиесі мен мәдениетіне жақсы жағынан зор әсер етеді.», - деп түсіндірді Қызылорда облысы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев.
Департамент қызметкерлері суреттерді лайықты бағалады. Іс-шара соңында Кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ақмарал Сермағамбетова бейнелеу байқауының жеңімпаздары - Г.Ерболатқызы, Б.Ақдәулет, Ж.Ерсұлтан, Д.Нұрланбаев, Ж.Нұржанқызы, А.Қалас, Ж.Еркебұланқызы, Ә.Маратқызын дипломдар мен мақтау қағаздарымен, бағалы сияпатпен марапаттады. Сонымен бірге, шараға қатысушы барлық балғындарға да ұйымдастырушылар атынан ойыншықтар мен сыйлықтар табыс етілді.