СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облыстық әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) облыстық әкімдікпен бірлесіп «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқордық құқық бұзушылықтарын болдырмау» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинарға қала, аудан әкімдері мен олардың қаржы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ, аумақтық департамент пен жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында Департамент басшысы Мұрат Қарымсақов және облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова шараның маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік сатып алу үдерісі кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігін ескертті.
Сондай-ақ, Департамент басшысы Мұрат Қарымсақов өз сөзінде, сыбайлас жемқорлық жалпы құқық бұзушылықпен бірге мемлекеттік билік пен қоғамға қауіп төндіріп отырғанын атап өтті. Департаментпен жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіліп, сатып алу бағаларын өсіру фактілері кездескендігі талқыланды.
Мысалы, 4 айда азық-түлік, жанар-жағар май, техникалар сатып алу кездерінде 16,2 миллион теңгеге өсіру фактілері кездескен. Ал соңғы мамыр айының өзінде «Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен барлығы 292,6 млн.теңгені құрайтын 7 лоттан тұратын «Әскери киім-кешек пен әскери аксессуарлар жиынтығын» сатып алуға қатысты конкурс жарияланып, Департаментпен талдау жұмыстары нәтижесінде 139,9 млн.теңгеге сатып алу бағасын өсіру фактісі анықталған.
Осыған байланысты басқармаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын болдырмау мақсатында ұсыныс жолданып, басқармамен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс рәсімдері тоқтатылды. Нәтижесінде 139,9 млн.теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Сонымен қатар, семинарда Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразали өз баяндамасында мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлеріне кеңінен тоқталып өтіп, болдырмауға бағытталған ұсыныстарды ортаға салды.