БАЛАЛАРДЫҢ ӘДЕМІ ДЕ АҚЫЛДЫ ӘЛЕМІНІҢ КӨРМЕСІ
1 маусым – балаларды қорғаудың халықаралық күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті балалардың сурет конкурсын жариялаған болатын. Ерте көктемде сөреге шыққан конкурстың бірінші айналымына қызылордалық 30-дан аса балалар өз суреттерін ұсынды. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің арнайы алқасы, құрамында маман суретшілер бар, балалар суретінің көрмесін бағалап шықты.
6 жастан бастап 15 жасқа дейінгі балалардың қылқаламынан шыққан суреттер өзінің тақырыптық тереңдігімен ерекшеленді. Балалар «мемлекеттік бюджет», «салық», «кедендік шекара», «кәсіпкерлік», «заңнамалық тұғыр» деген түсініктерді өздерінің жете меңгергендігімен таңқалдырды алқа мүшелерін. Әрбір сурет балалардың күнделікті көріп жүрген гүл, көгал, үй жануарлары, ойыншықтар, субұрқақ, ойыншықтар сияқты сүйікті заттарын мемлекеттік маңызды дүниелермен ұштастыра салынған.
Мәреге жеткен барлық қатысушыларға Департамент басшысы С.Мұстафаев Алғыс хаттар тапсырып, естелік сыйлықтармен қуантты.
Балалардың жасына қарай 3 санатқа топтастырылған туындылардың 9-ы, екінші айналымға өтіп, республикалық байқауға Астанаға жол тартты.
Қызылордалық 9 жас талапкердің республикалық деңгейде де табысқа жететініне күмәніміз жоқ. Себебі олардың суреттерінде әдемілік те, ой да, ерекше талант ұшқыны да бар.
Мереке қарсаңында Департамент және бір игі шараға қатысты. Тасбөгет кентінде орналасқан №2 балалардың оңалту орталығының тұрғындарына аула ішінде ойнауға арналған әткеншектер және тәттілер сыйға тартылды.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы