БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫНДА ЕМДЕЛІП ЖАТҚАН БАЛАЛАРҒА ТӘТТІ ТОҚАШТАР ТАРАТЫЛДЫ
1-маусым Балалар күніне орай, баласы бар барлық жерде көнілді іс-шаралар өтуде. Бүгін облыстың денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу ұйымдарында да балалар мерекесі. Облыстық балалар ауруханасында ертеңгілік өткізіліп, ауруханада емделуде жатқан балаларға көңілді ән арналып, сыйлықтар берілді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"Облыстық медицина орталығындағы балалар хирургиясында емделіп жатқан қырыққа жуық балаларға тәтті тоқаштар таратылып, жұмсақ ойыншықтар үйлестірілді», - делінген хабарламада.
"Облыстық медицина орталығындағы балалар хирургиясында емделіп жатқан қырыққа жуық балаларға тәтті тоқаштар таратылып, жұмсақ ойыншықтар үйлестірілді», - делінген хабарламада.