БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Халықаралық балаларды қорғау күнінің құрметіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен көңілді бағдарламаларды қамтитын мерекелік шара өткізілді, деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.
Мерекелік шараның негізгі қатысушылары ретінде 100-ге жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер қамтылды. Шара аясында балаларға арналып арнайы 2 батут құрылып, жүздерінде күлкі ұялаған бүлдіршіндер асыр салып ойын ойнаса, енді бірі арнайы балалар үшін акелінген велосипедтерді теуіп, балаларға арналған көңілді көліктерді жүргізіп мәз-мәйрам болысты. Сонымен қатар, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ықпалымен және қала кәсіпкерлерінің қолдауымен қатысушы балалардың барлығына жаңа аяқ киімдер тегін таратылса, қала мешіттерінің әйелдер жамағаты балаларға арнап арнайы дастархан жайып, сый-сияпаттар табыс етті.