ЗАҢСЫЗ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда қалалық прокуратурасымен, Тасбөгет кенті әкімі аппараты қызметінде әкіммен қабылданған актілердің заңдылығы зерттеліп, әкіммен заңсыз нормативтік құқықтық актіні пайдалану дерегі анықталды.
Нақтыласақ, Тасбөгет кенті әкімімен 06.08.2014 жылы №458 «Тасбөгет кентінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» шешімі нормативтік құқықтық сипатта қабылданғандығы және аталған актіні тиісті тіркеусіз, заңды күшіне енбестен пайдаланылғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша қалалық прокуратурамен заңсыз нормативтік құқықтық актіге 23.01.2014 жылы наразылық енгізіліп, оның күші жойылған болса, 23.01.2014 жылы Тасбөгет кентінің әкіміне қарсы мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актіні пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 457-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, Қызылорда облыстық әділет Департаментінің қаулысымен әкімге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.