ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНІҢ ҚОНАҚТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭТНОАУЫЛДЫ ТАМАШАЛАЙДЫ
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Сыр өңірінен этноауыл ұсынылмақ. Бұл туралы BNews.kz облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Құрманкүл Датқабековаға сілтеме жасап хабарлады.
Көрме кезінде туристер тамашалайтын объектілер тізіміне Байқоңыр ғарыш айлағы мен қаласы, Қармақшыдағы «Қорқыт ата» меориалды кешені енгізілді. Мемориалды кешенде қазіргі кезде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл нысан қыркүйек айында «Қорқыт және ұлы дала саздары» халықаралық музыкалық-этнографиялық фестивалін өткізу үшін пайдаланылады. Ал ЭКСПО-2017 шарасын өткізу кезінде онда қонақтарға арнап этноауыл ұйымдастырылады.
Жуырда ЭКСПО аймақтық орталығын орналастыру үшін Байқоңыр қаласының жанынан – Төретам қыстағы мен Елшібай елді мекенінің аралығынан тағы бір орын ұсынылды.