ӘРІПТЕСІМІЗ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ «ТІЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНДА ОЗА ШАПТЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы «Тіл шебері-2015» байқауы болып өтті. Байқауға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы өртке қарсы қызмет капитаны Ержан Үсенбаев қатысып, бақ сынады.
Байқаудың мақсаты - үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау болды. байқауға ұлтына қарамастан 21-30 жас арасындағы жастар қатысты. Байқау үш кезеңнен болды: «мәдениеттаным» кезеңінде – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап берілді. «Ұлттаным» кезеңінде – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді. Қатысушылар «Өнертаным» кезеңінде – 7 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсті. Сонымен бірге ұлттық киім, классикалық, еркін киім кию мәнері де сынға түсті.
Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде әділ қазылар олардың тілдерді меңгеру деңгейін, жауаптың орамдылығы мен сапасын, мазмұндылығы мен ерекшелігін, үш тілде орфоэпиялық тұрғыда таза сөйлеуін, сахналық мәдениетін ескерді. Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен қатысқан әріптесіміз Ержан Үсенбаев осы сындардан сүрінбей өтіп, облыстық «Тіл шебері-2015» байқауының І орын иегері атанды, республикалық байқауға жолдама алды. Әріптесімізге алдағы уақытта да республикалық байқаудан да жеңіспен оралуына тілектестік білдіреміз.
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы