ЕЛ БОЛАШАҒЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАП ЖҮРГЕН ЖАСТАРДА
2015 жылғы 27 мамырда Қызылорда қаласының «Локоматив» стадионында қазақ футболының жарық жұлдызы, атақты футболшы, КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Тимур Санжарұлы Сегізбаев атындағы футболдан жасөспірімдер мен балалар арасында облыстық жарысы өтті.
Жарысты Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Мұстафаев ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызылорда футбол федерациясының вице-президенті Б.Е.Көшербаев қатысушыларға сәттілік тілей келе, жүлде мықтыларға бұйыратынын атап өтті. Келесі болып сөз тізгінін Қызылорда футбол федерациясының мүшесі, жасөспірімдер мен балалар футбол федерация комитетінің төрағасы, облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов алып, спорт – жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдаланып, жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстанып, саламатты қоғам қалыптастыруға ықпал ететін бірден-бір жол екенін ескертті. Осыған орай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, болашақ атақты футболшыларды, баскетболшылар мен боксшыларды тәрбиелеудің маңызын көрсетті.
Қазіргі таңда, облысымызда жастар мен балалар арасындағы әртүрлі деңгейдегі 11 футбол құрамасы бар. Осы кездің өзінде Сыр жастарынан жасақталған футбол командалары республикалық жарыстарда бақ сынасып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Біз өз тарапымыздан, келешекте қазақ футболының болашағы Бразилия, Испания, Франция, Алмания, Италия сияқты футбол державаларын мойындатарлық деңгейде болатынына, жастарымыз футбол әлемінің дүлдүлдері Пеле, Месси, Рональдо,Зидан сынды ойыншылардың ізін басатынына сенім білдіреміз. «Мен жастарға сенемін» деп, М.Жұмабаев айтпақшы осы жастарымыз келешекте халқының, Елбасымыздың сенімін ақтап, мемлекетіміздің мәртебесін халықаралық деңгейде асқақтатып, әнұранымыз бен көк байрағымызды әлемдік ареналарда паш ететіні айқын.
Біз, құқық қорғау органдары, спортты серік еткен жасөспірімдеріміздің тағдырына, болашағына алаңдамаймыз. Себебі, олар спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанғандықтан құқық бұзушылықтарға бармайтынына, келеңсіз жағдайларға ұрынбайтынына сенімдіміз.
Қызылорда ОІІД, Әкімшілік полиция басқармасы, Ювеналды полиция бөлімінің бастығы,

полиция полковнигі О.Ж. Асылбаев