ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ РӘСІМДЕЛУІ ЖӘНЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жалағаш аудандық сотында жаңа Қазақстан Республикасының ҚК-нің, ҚАК-і мен ӘҚБтК-нің өзекті мәселелері мен жаңалықтары аясында, сондай-ақ, әкімшілік істердің рәсімделуі және сот актілерінің орындалуы тақырыбы төңірегінде дөңгелек үстел өтті.
Сот төрағасы А.Наримов жаңадан қабылданып отырған жоғарыда аталған кодекстердің мәтіндері бойынша өзекті мәселелеріне тоқтала келе, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұратындықтан, қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске енгізілгеннен кейін ғана қолдануға тиіс екендігін тілге тиек етті.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, заңнамалардағы өзгерістерді жан-жақты талқылай отырып, бұл өзгерістер қазіргі заман талабынан туындап отырғандығын, оны жұмыс барысында қолданып қана қоймай, халыққа түсіндіру мақсатында оны насихаттау бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуі қажет екендігі жөнінде ортақ пікірге келді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі