ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ П.КАФАТАРИДИ ӨМІРДЕН ӨТТІ
88 жасқа қараған шағында Ұлы Отан соғысының ардагері П.П. Кафатариди қаза болды.
Кафатариди Пинелопа Панаятовна 1927 жылы 17 қарашада Абхазияда шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған тұста ол небәрі 14 жаста ғана болатын. Көптеген жанұялар Қазақстанға келген болатын. Осыдан бастап оның өмірі Қызылорда қаласымен байланысты болды.
Соғыс уақытында Кафатариди Пинелопа Панаятовна әскери-санитарлық пойызда тазалықшы-нұсқаушы қызметін атқарды. Онда ол шайқаста жараланған солдаттарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті. Майдан даласынан жараланған адамдарды госпитальға жеткізуге, жетер жолда емдеуге, тамақтандыруға, тылға жеткізуге атсалысты. Соғыс жылдарында Кафатариди Пинелопа Панаятовна секілді әйелдер мен қыздардың арқасында көптеген жараланған сарбаздар құтқарылған болатын.
Соғыстан кейін де құтқару мен көмектесу жұмысы Пинелопы Панаятовнаның өмірлік ұстанымына айналды. Өрттен қорғау саласында диспетчер қызметін атқарды. Тағдыр оны жарымен жолықтырып, үш ұлдың анасы атанды. «Бұл мәңгілік жалпыадамзаттық құндылық, яғни ұлтқа, дінге, саясатқа және идеологияға бөлінбей-ақ әрбір қарапайым адамда болуы керек қасиеттер. Егер әлем әлі күнге дейін тыныштықта тұрған болса, онда ол осындай қасиетке ие қарапайым ғана адамдардың арқасында болса керек...». Жоғарыда айтылған құндылықтар Пинелопа Панаятовнаның бойынан табылатын еді. Ұжымдастары мерекелік күндері үйіне құттықтап барған сайын «Айналайын!» деген қазақтың сөзін шын ықылас пейілімен айтып, кейінгі буынды арқасынан қағып жататын. Және ақ ниетпен батасын беретін.
Ендігі жерде ардагер Пинелопа Панаятовнаны арамызда жоқ деу де ауыр тиді. Қызылорда облысы ТЖД ұжымы П.П.Кафатаридидің қаза болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. П.П.Кафатаридидің жарқын жүзі кейінгі буын әріптестерінің есінде мәңгі есте сақталатын болады.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы