ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ
Қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтап, оларға әлеуметтік құқықтық қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өтетін «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен XII халықаралық олимпиада биыл 22-26 маусым күндері Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында өтеді. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілі BAQ.kz тілшісіне хабарлап отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктен кейін алыс-жақын шет елдердегі бауырларымызды ата қонысына шақырғаны белгілі. «Шетелде тұратын отандастарды қолдау туралы» жарлыққа қол қойылып, Үкімет қаулысын да қабылдады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы шет мемлекеттерде тұратын отандастарды қолдау туралы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2004 жылдан бері «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық олимпиада өткізіп келеді. Олимпиада шартына сәйкес шетелдегі 8-12 сыныпта оқитын 20 жасқа дейінгі оқушылар жарысқа қатыса алады. Жарыс жеңімпаздарына мемлекеттік және ЖОО-ның арнайы гранттары беріледі. Орталық өкілінің айтуынша, осы олимпиадада қара үзіп алға шыққан 200-дей қазақ баласы бұл күнде еліміздің маңдайалды ЖОО-нан білім алып, алды Қазақстан үшін тер төгіп, қызмет жасап жатыпты.
Қатысушы мемлекеттердің әрбір командасы 6 оқушы мен 1 жетекшіден құралуы тиіс. Қатысушылар мен команда жетекшілері жол шығынын өздері төлейді. Қатысушылар жөніндегі мәліметтерде олардың аты-жөні, туған жылы, оқитын сыныбы, мекен-жайы, паспорт нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет. Олимпиада жайлы басқа да толық ақпаратты www.daryn.kz сайты арқылы алуға болады.